Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есімін Ернар қойдық": Ернар Айдар концертіне келген тыңдарманының сөзінен кейін көзіне жас алды (видео)

Опубликовано:

Ернар Айдар
Ернар Айдар. Фото: Instagram/ernaraidar_kz

Әнші Ернар Айдар концертінде өзімен суретке түспек болған тыңдарманының оқиғасын естіп, көзіне жас алды. Өнер иесі видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан Ернар Айдар өзімен суретке түсуге тырысқан тыңдарманының тілегін орындағанын көруге болады.

Осыдан кейін әйел немересіне әншінің есімін қойғанын айтады.

"Немереме Ернар деп есім қойдым. Сіз сұқбатыңызды бастағанда, немерем дүниеге келді. Сізді қазір немереме көрсетіп жатырмын", – дейді әйел.

Ал әнші тыңдарманының ықыласына риза болып, оған алғыс айтты.

"Қандай керемет. Аман болыңыздар. Деніңіз сау болсын", – деп Ернар Айдар көзіне іркіліп қалған жасты сүртті.

Ал желі қолданушылары әншінің қарапайымдылығына таңғалып, жарыса пікір жазды.

"Апамның немересі сізге ұқсасын", "Қандай қарапайымсыз", "Халықпен бірге жүргенің қандай жақсы", – деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2071317-esimin-ernar-qoidyq-ernar-aidar-koncertine-kelgen-tyndarmanynyn-sozinen-keiin-kozine-zas-aldy-video/

pixel