Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ішімдіксіз тойға барамыз": Жанболат Найзабеков той басқаруға қанша гонорар алатынын айтты

Опубликовано:

Жанболат Найзабеков
Жанболат Найзабеков. Фото: Instagram/cocojanbo88

Әртіс Жанболат Найзабеков той жүргізіп, бір сиыр алған кезін еске алды. Өнер иесі Qyzyq Orda бағдарламасында той басқару үшін қанша гонорар сұрайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Тойға шығамыз. Бірақ ішімдіксіз тойға барамыз. Әртүрлі гонорар сұраймын. Нақты баға жоқ. Халықтың жағдайы, қалтасына қараймыз.

Ауылдан бір кісі хабарласады. "Балам сенің той жүргізгеніңді қатты қалап отыр. Бір сиыр беремін" деді. Ол кезде тренд 2-3 сиыр еді. Апам тойдың Қордайда екенін айтты. Алдын ала ақша алмадым. Ол кісі қайта хабарласпады. Апа айтқан күні қой барайын дедім. Неге хабарласпадыңыз десем, "Айттым ғой. Қайта-қайта хабарласа берем бе?" дейді. Той біткеннен кейін есептесейік десем, мейрамхананың сыртына бір сиырды байлап қойыпты. Шүкір, сол сиырды бір жыл жеп жаттық", – деді Жанболат Найзабеков.

Еске сала кетейік, осыған дейін Жанболат Найзабеков әжесінің тәрбиесінде өскенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2071368-isimdiksiz-toiga-baramyz-zanbolat-naizabekov-toi-basqaruga-qansa-gonorar-alatynyn-aitty/

pixel