Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлым орыс мектебінде оқиды": Әуелбекова балаларын қалай тәрбиелеп жатқанын айтты

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова сұхбат беруде
Мөлдір Әуелбекова сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Medina Style

Қазақстандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова екі баласына беріп жатқан тәрбиесі жайлы сыр шертіп, өзінің қандай ана екенін ашық айтты. Өнер иесі бұл тұрғыда мінсіз емес екенін жеткізіп, арасында қателіктер жіберіп тұратынын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова бала тәрбиесі жайлы жан сырын "Medina Style" подкастында ақтарды. Эстрада жұлдызы соңғы кезде қызына көп көңіл бөліп, бұл әрекетімен ұлын ренжітіп алғанын айтты.

"Балаларыммен көбірек уақыт өткізуге тырысамын. Ұлым өте ақылды жігіт болып өсіп келеді. Екеуміз жиі сырласамыз. Бірақ қызыма көбірек уақыт бөледі екенмін. Ұлым соны байқап қалыпты. Өткенде қызымның бала күтушісі бір аптаға сұранып кетіп еді. Балам мазасыз болып, жылай бастады. Өйткені қызыма көбірек көңіл бөліп қойыппын. Жұмысқа кетсем, 50-60 рет хабарласып, жылап тұратын. Мен біразға дейін түсінбей жүрдім. Осыған дейін мазасыз болған емес. Сөйтсем, бір күні балам "Айаруды ғана еркелетесіз. Маған көңіл бөлмейсің" деп ренішін айтты. Сөйтсем қате өзімнен екен. Расында да қызыма көп көңіл бөліп, ұлыма мән бермей жүре беріппін. Сосын екеуміз отырып, бәрін талқылап сөйлестік. Одан кешірім сұрадым", - деді әнші.

Сонымен қатар Әуелбекова ұлы орыс мектепте оқитынын айтты. Оған қоса өнер иесі баласының ұстазын өзі таңдаған екен.

"Бала таңнан кешке дейін менің тәрбиемде емес. Бала күні бойы ұстаздың қасында болады. Сол себепті мен бұл мәселеге үлкен жауапкершілікпен қараймын. Ұстазды өзім таңдадым. Ол кісі қазақ та, орыс та емес. Ұлты - әзербайжан. Ұстаз таза қазақша сөйлейді. Бәрі таңғалатын шығар. Менің ұлым орыс мектебінде оқиды. Сол мектептен алғаш рет ашылған қазақ сыныбына барды. Ұстазбен жолымыз болды. Қосымшада оқытатын мұғаліміміз де өте жақсы. Балаларды ойнатып жүріп оқытады. Сол себепті мен мектеп емес, ұстазды таңдадым. Бізде үйде тас болып қатып қалған тәртібіміз бар. Әкеміз үйде орысша сөйлеттірмейді. Сол тәртіпті мен өз отбасымда да қолданамын. Біз де үйде орысша сөйлемейміз. Сыртқа шыққанда қалаған тілде сөйлеуге рұқсат", - деп ағынан жарылды әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2071440-ulym-orys-mektebinde-oqidy-auelbekova-balalaryn-qalai-tarbielep-zatqanyn-aitty/

pixel