"Бұрынғыдай көнбейді": Жұлдыз Әбдікәрімова балаларымен бір мәмілеге келе алмайтынын айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова бала тәрбиесі жайлы тақырыпты қозғап, өз перзенттерімен қарым-қатынасы қандай екенін айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, бүгінде олармен бір мәмілеге келу өте қиын, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жұлдыз Әбдікәрімова бүгінде балалары есейіп, әрқайсының өз көзқарасы мен пікірі қалыптасқанын алға тартты. Сол себепті оған төртеуімен санасып, бір шешімге келу қиынға соғады.
Оның үстіне актрисаның сөзінше, перзенттері бұрынғыдай анасының айтқанына көне қоймайды.
"Мектепте каникул басталып, үйге қалай сыйып жатырсыздыр? Мына төртеуін қайда жіберсем екен? Қазір баяғыдай емес. Дегенге көнбейді. Өз ойы, көзқарасы, графигі бар. Әрқайсысымен санасып, әрекет етемін. Көбіне төртеуімен ортақ бір мәмілеге келу қиын.
Мәселен Нарұл қазір ат спортына қатты қызығып жүр. Жаттығуға күн сайын елден бұрын барып алады. Қайтқысы келмей, аттарды баптап, ер-тоқымын сүртіп жүріп алады. Күзден бері біраз нәтижеге жетті. Бастысы өзі мәз. Алау болса өз әлемінде, Ханды дегеніне көндіріп жүр", - деп жазды Әбдікәрімова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2071575-buryngydai-konbeidi-zuldyz-abdikarimova-balalarymen-bir-mamlege-kele-almaitynyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.