Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық жұлдыздар қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады (фото, видео)

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова, Данагүл Темірсұлтанова, Нұрлан Албан
Мақпал Жүнісова, Данагүл Темірсұлтанова, Нұрлан Албан. Видеодан кадр: instagram.com/zhunusova.makpal

Шоу-бизнес өкілдері қазақстандықтарды ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Жұлдыздар құттықтауын әлеуметтік желіде жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Наурыз – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің - мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт пен береке әкелсін", – деді Гауһар Әлімбекова.

Жеңіс Ысқақова көпшілікке ұлттық киіммен киіз үй ішінде отырған видеосын бөлісті.

"Баршаңызды ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әр жаңа күн әр отбасыға шат көңіл, бақыт және береке сыйласын. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын", – деп жазды Жеңіс Ысқақова.

Көпшілікті Наурыз мейрамымен құттықтағандар арасында Айжұлдыз Адайбекова мен анасы Жанар Айжанова да бар.

"Ұлыстың ұлы күні наурыз құтты болсын", – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.

Сонымен қатар актриса ерекше ұлттық стильде, ат үстінде садақпен отырған фотосессия жасатқан.

Ал Жанар Айжанова қызы мен жиен немересінің және өзінің суретін бөлісіп, көпшілікті мейраммен құттықтады.

"Барша қазақ жұртын отбасымыздың атынан Наурыз мейрамымен құттықтаймын", – деп жазды актриса.

Қазақ халқын әз-Наурызбен құттықтағандар арасында Мақпал Жүнісова да бар.

Өнер иесі Данагүл Темірсұлтанова, Нұрлан Албанмен тұрған видеосын жариялады.

"Келіп жеткен Наурыз мейрамы барша қазақстандықтарға құтты болсын", – деді видеода Мақпал Жүнісова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2072148-otandyq-zuldyzdar-qazaqstandyqtardy-nauryz-meiramymen-quttyqtady-foto-video/

pixel