jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Қорқыныш болды": Жахан Отарғалиев баласы бар келіншекке үйленуге қатысты ойын айтты

    Жахан Отарғалиев
    Жахан Отарғалиев. Фото: Instagram/zhahan_utargaliyev

    Танымал қазақстандық актер Жахан Отарғалиев балалы келіншекке үйленуге қатысты ойын айтты. Бұл туралы ол өзі берген сұхбаттардың бірінде мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Жахан Отарғалиев Instagram-дағы парақшасында продюсер Зарина Мүслімге берген сұхбатының үзіндісін жариялады. Ол видеоның сипаттамасында "Барлық адам бақытты болуға лайықты", - деп жазған.

    "Есіңде ме, осыдан 5 жыл бұрынғы сұхбатта сенен "баласы бар келіншекке үйленер ме едің?" деп сұрадым. Сол кезде сен "жоқ" деп сенімді айттың. Қазір ойың өзгерді ме?", - деп сұрады жүргізуші Жахан Отарғалиевтен.

    "Қазір өзгерді. Қазір қанша баласы болса да, ұнатып, жақсы көріп тұрсам алатын едім. Ол кезде сондай адам болды, бірақ қорқыныш болды", - деді актер.

    Видеоны көрген оқырмандар Жахан Отарғалиевке жылы сөздер айтып, балалы болуына тілектестік білдірген.

    "Ұл-қыздарыңыз көп болсын!", "Әліде кеш емес, барлық қызығың алда. Сүйгеніңді кездестіріп, өз балаларың болады. Алла қаласа", "Бакытты болшы, балаларың көп болсыншы", "Салиқалы ұрпақ нәсіп етсін", - деп жазды олар.

    "Қорқыныш болды": Жахан Отарғалиев баласы бар келіншекке үйленуге қатысты ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.