Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір таяқ қалды": денсаулығы сыр берген Роза Әлқожа өзі ренжіткен жандардан кешірім сұрады (фото)

Опубликовано:

Роза Әлқожа
Роза Әлқожа. Фото: "Жақсы адамдарым" бағдарламасы

Роза Әлқожа тобығын жарып алып, денсаулығы сыр бергеніне біраз уақыт өтті. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында өзі ренжіткен жандардан кешірім сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бір айдан астам уақыт ходунокпен, қос балдақпен дос болып, кеше жездеме сыйға тарттым. Бір таяқ қалды. Мұндайда кісі көңілі кіршең келеді. "Әу" демегендерді әлеуметтен сызып тастағың кеп тұрады. Одан қарапайым ел жақсы. Күнде тілек жазып, жағдайыңды біліп отырады. Пенденің әдеті – "Мен мынау едім" деп кеуде керу ғой.

Ал шын мәнінде, біз Тәңірдің алдында тозаң ғанамыз. "Бұл – ақыреттің егіндігі". Аманатқа берілген жанды арқалап жүріп, Алладан берілген заңды ұмытқымыз келеді. Құлшылыққа ғана жіберілген тіршілік иелері Құдай боп кететіні де, сол құл болғандығынан шығар?! Дүниеде кешірім беру – пендеге қиын, Құдайға оңай. Оның ішінде сол сәттегі өзіңді кешіру – қиынның қиыны екен. Қасиетті ораза айында ренжіткен жандар болса, кешірім өтінемін. Мен де өзгені де, өзімді де кешірдім. Артық жүк арқалағым келмейді", – деп жазды әнші.

Еске сала кетейік, әнші ақпан айында аяғын қайырып, тобығын жарып алғанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073144-bir-tayaq-qaldy-densaulygy-syr-bergen-roza-alqoza-ozi-renzitken-zandardan-kesirim-surady-foto/

pixel