Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық образда отбасымен фотосессия жасаған Мадина Сәдуақасова елді тәнті етті

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова отбасымен
Мадина Сәдуақасова отбасымен. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде ерекше отбасылық фотосессиясын жариялап, ел назарын өзіне аударды. Жұлдызды жанұя Наурыз мерекесіне орай көпшілікке ұлттық образдарды паш еткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова қазақи стильдегі фотосессияны Instagram парақшасында жариялады. Онда әншінің күйеуі мен ұлымен бірге ұлттық образда тұрғанын көруге болады. Оған қоса суреттерде ерлі-зайыптының ата-анасы да бой көрсеткен.

Жұлдызды жанұяның фотолары желі қолданушыларының көңілінен шықты. Оқырмандар ұлттық нақыштағы суреттерге тәнті болып, жылы лебізін білдірген.

"Қандай керемет", "Нағыз үлгілі отбасы", "Осы жанұяға ризамын. Әркез бірге фотосессия жасап тұрады", "Қазақи нақышта жасағандарыңыз жақсы болыпты. Барлығыңыз әдемі шығыпсыздар", "Өте әдемі көрініс. Наурыздан Наурызға жете берейік", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073213-ulttyq-obrazda-otbasymen-fotosessiya-zasagan-madina-saduaqasova-eldi-tanti-etti/

pixel