Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қыз болады": Аяғы ауыр Мақпал Исабекованың видеосы желіде қызу талқы тудырды

Опубликовано:

Мақпал Исабекова
Мақпал Исабекова. Фото: instagram.com/p/CRT1TzTsuJE

Екінші перзентін күтіп жүрген Мақпал Исабекова желіде жаңа видео жариялап, жанкүйерлерін қуантты. Қалың көпшілік аяғы ауыр әншінің болашақ сәбиінің жынысын анықтамақ болып, қызу пікірталас ұйымдастырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова жаңа видеосын Instagram парақшасында жариялады. Онда өнер иесінің іші шығып қалғанын бірден байқауға болады.

"Әр күнге шүкіршілік етсеңіз, өмір сүрген әлдеқайда оңай болады. Қазіргі ауа райына тамсанып тұрмын. Барлықтарыңызға махаббат пен жан тыныштығын тілеймін", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары аяғы ауыр өнер иесінің видеосын қызу талқылауға кіріскен. Қалың көпшілік болашақ сәбидің жынысын анықтамақ болып, болжамдарын айтты.

"Аман-есен босанып, балапаныңызды бауырыңызға басыңыз", "Өте әдемісіз", "Ең сұлу әйел - жүкті әйел" деген рас екен", "Меніңше, сізде қыз болады", "Сіз үшін қуаныштымын", "Жүктілік сізге сондай жарасады", "Осы жолы қызды боласыздар-ау", "Меніңше, тағы да ұл сияқты", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073375-qyz-bolady-ayagy-auyr-maqpal-isabekovanyn-videosy-zelide-qyzu-talqy-tudyrdy/

pixel