Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аll Давай" тобының әншісі Шоқан Маратұлы қызының тұсаукесерін өткізді (видео)

Опубликовано:

Шоқан Маратұлы қызымен
Шоқан Маратұлы қызымен. Фото: instagram.com/shokan_maratuly

"Аll Давай" тобының әншісі Шоқан Маратұлы кенже қызының тұсауын кесті. Өнер иесі тұсаукесерді отбасымен өткізгенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Кенже қызым Айлиннің тұсауын кестік. Тұсаукесерді отбасымызбен өткіздік. Бұл күннің Наурыз мерекесі мен Рамазан айына сәйкес келгеніне қуаныштымын", – деп жазды Шоқан Маратұлы Instagram-дағы парақшасында.

Желі қолданушылары әншінің отбасылық қуанышына ортақтасып, жылы лебізін арнады.

"Құттықтаймыз", "Денсаулығы мықты, бақытты қыз болсын", "Қадамы құтты болсын", "Көз тимесін", "Жолы ашық болсын", – деп жазды желідегілер.

Сонымен қатар тілек білдірушілер арасында Ситора Назарова, Рано Умарова секілді шоу-бизнес өкілдері де бар.

Еске сала кетейік, әнші 2022 жылы қызды болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073819-all-davai-tobynyn-ansisi-soqan-maratuly-qyzynyn-tusaukeserin-otkizdi-video/

pixel