"Етегін жапқан қыз байқамадым": әнші Ұланғасыр Қамиев ұнататын аруы жоқ екенін айтты (фото)
Жарияланған күні:
Отандық әнші Ұланғасыр Қамиев сүйіктісі жоқ екенін айтты. Өнер иесі иманы тасыған қыз таппағанын мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желі қолданушысының бірі әншіден "Ұнататын қызың бар ма?", – деп сұраған.
Ал әнші Instagram-дағы парақшасында тыңдарманына жауап берді.
"Мен жүрген жерде етегін жапқан, иманы тасып тұрған қыз байқамадым. Сосын қайдан ұнатасың?", – деп жазды Ұланғасыр Қамиев.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ұланғасыр Қамиев KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұқбат беріп, әнші неліктен отбасылы болудан қорқақтап жүргенін айтқан болатын.
"Үйленуге дайын емеспін. Киноларды көргенде 1-2 сағат үйленгім кеп алып-ұшып жүрем де, буы тез басылады. Моральды тұрғыда дайын емеспін. 5-6 жылдан соң ғана үйленетін шығармын. Әзірге кездесіп, махаббат болып жүрген қызым да жоқ. Жеке өмірге тіпті уақыт та жоқ", - деген болатын әнші.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073828-etegin-zapqan-qyz-baiqamadym-ansi-ulangasyr-qamiev-unatatyn-aruy-zoq-ekenin-aitty-foto/