Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үйленуге дайын емеспін": әнші Ұланғасыр Қамиев неге отбасылы болудан қорқақтап жүргенін айтты

Опубликовано:

Ұланғасыр Қамиев
Ұланғасыр Қамиев. Фото: instagram.com/ulangasyrqamiev

Бүгінде хит әндерімен елге жақсы танылған Ұланғасыр Қамиев үйленуге дайын емес. KAZ.NUR.KZ тілшісіне берген сұқбатында әнші неліктен отбасылы болудан қорқақтап жүргенін айтты.

- Ұланғасыр мырза, сұқбаттасудың сәті түскеніне қуаныштымын. Әңгімені өткен жеке шығармашылық кешіңізден бастайықшы. Шоу болады деген едіңіз. Қаншалықты шоу жасай алдыңыз?

- Біз барлық жерде шоу-концерт деп жариялап алып, кейін біраз уайымдап жүрдік. Қаншалықты шоу-концерт болып өтер екен, көрерменге ұнай ма, жоқ па дегендей ойлар болды. Бірақ Аллаға шүкір ниетімізге қарай кешіміз таза шоу-концерт болып өтті. Келген жандар көп деп айта аламын. Әдетте адамдар кештің соңында тұрып билейтін еді. Бұл кеште тыңдарман концерттің ортасынан бастап тұрып, билеп бізге қолдау көрсетумен болды. Өзіміз ойлағаннан 100 пайыз жоғары деңгейде өтті. Шақырған қонақтардың бәрі келді. Мұқасан Шахзадаев ағаммен және туған ағам Дидар Камиевпен бірге терме айтыс жасадық. Индира Елемес, Төреғали ағамыз, хит "Балқия" әнінің кейіпкері Нұргүл Мыңғатова ханым сахнаға шықты.

- Біткен іске сыншы көп дегендей, сынды жиі естисіз бе әлде мақтау сөздердің легі көп пе?

- Концертке дейін мені сынап, "саған әлі ерте" дегендер көп болды. Ал, кештен соң "саған ерте дегендер қайдасыздар?!" деп видеожауап жүктедім. Ол жерде залға жиналғандар орындарынан тұрып билеп кеткен кадр көрсетілген еді. Ешкім үндемеді. Ешкім ештеңе жазбады. Мені сынағандар жоғалып кетті.

- Жеке кеш өткізіп, үлкен табыс көру мүмкін бе?

Жеке концерттен көп пайда көрмейміз. Әншілердің Негізгі табыс көзі той-бизнестен ғой.

- Армандарыңыздың бірі киноға түсу болғанын білеміз. Ұсыныс түссе қандай рөлдерді сомдауды армандайсыз?

- Киноға шақырса барамын. Мен негізі жауыз, қатыгездің рөлін көп ойнағым келетін. Бірақ бір жағымсыз рөлді ойнағанда тек теріс пікір алдым. Кішкене өкініп қалдым.

- Ұланғасырдың үйлену тойын 2024 жылы көруіміз мүмкін бе?

Үйленуге дайын емеспін. Киноларды көргенде 1-2 сағат үйленгім кеп алып-ұшып жүрем де, буы тез басылады.

- Үйленуге материалдық жағынан ба әлде моральды тұрғыдан дайын емессіз бе?

- Материалды толық дайын болайын деген оймен үй салып жатырмын. Негізі материалды тұрғыдан дайынмын. Моральды тұрғыда дайын емеспін. 5-6 жылдан соң ғана үйленетін шығармын. Әзірге кездесіп, махаббат болып жүрген қызым да жоқ. Жеке өмірге тіпті уақыт та жоқ.

- Танымалдылық сізге не берді?

Алматыдан екіқабатты үй салдырып жатырмын. Соны бітірген соң көлік алатын шығармын. Әзірге көлігім жоқ.

Дайындаған Жанар Тайырқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2047712-uilenuge-daiyn-emespin-ansi-ulangasyr-qamiev-nege-otbasyly-boludan-qorqaqtap-zurgenin-aitty/

pixel