"Қарап отырып қысыласың": Сара Тоқтамысова орамал таққан аруларға үндеу жасады
Жарияланған күні:
Отандық танымал айтыскер Сара Тоқтамысова желіде орамал таққан аруларға үндеу жасап, оларға келелі кеңесін айтты. Өнер иесі олардың қасиетті Рамазан айында барынша тыйылуға шақырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Сара Тоқтамысова қыз-келіншектерге үндеуін Instagram парақшасында жариялаған. Ол аруларға таққан орамалға сай болу керектігін айтып, ескерту жасады.
"Кейбір орамал таққан құрбыларым, сіңлілерім бар. Әлеуметтік желілерде жүр. Қарап отырып өзің қысыласың. Егер осы видеоны көріп қалсаңыз, ескерерсіз. Рамазан айы тыйылу айы ғой. Өзімізді тәрбиелейік. Орамал тақтың ба, соған сай бол! Ормал тақтың ба, сөзіңе ие бол! "Tik-Tok" немесе "Instagram"-да отырып алып, аузыңа келгенді айтып, балағаттап, кім көрінгенге жеккөрінішті болма. Орамал тақтың ба, өзіңе ие бол! Секең-секең етіп әр жерде билеп, шошаң-шошаң етіп, дөрекі мінез көрсетіп, қаншама жаулық таққан жандардың арына сын келтірме. Орамал тақтың ба, біреуді алдама, біреуді арбама! Себебі, орамал – сенің абыройың", – деп жазды ақын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073831-qarap-otyryp-qysylasyn-sara-toqtamysova-oramal-taqqan-arularga-undeu-zasady/