Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұланғасыр Қамиев суретке түспегеніне өкпелеген тыңдарманына жауап берді (фото)

Опубликовано:

Ұланғасыр Қамиев
Ұланғасыр Қамиев. Фото: instagram.com/ulangasyrqamiev

Әнші Ұланғасыр Қамиев суретке түспегеніне өкпелеген тыңдарманына жауап берді. Өнер иесі әлеуметтік желіде оқырмандарына сұрақ-жауап айдарын ұйымдастырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Риддер қаласына келгенде неге суретке түспедіңіз? Балам сіздің фанатыңыз еді", – деп сауал жолдады желі қолданушысының бірі.

Ал әнші тыңдарманына Instagram-дағы парақшасында жауап берді.

"Бір адам мың адаммен қалай фотоға түсе алады? Оның 500-і айналып келіп, қайта суретке түседі. Суретке қатты түскісі келсе, халық топырламай тұрып, отырған жеріңе кеп түсіп алады", – деп жауап берді әнші.

Айта кетейік, осыған дейін әнші сүйіктісі жоқ екенін және өзі жүрген жерде етегін жапқан қыз байқамағанын мәлім еткен болатын.

Ұланғасыр Қамиев сторис
Ұланғасыр Қамиев сторис. Скриншот: instagram.com/ulangasyrqamiev

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2073870-xalyq-topyrlamai-turyp-tusip-alady-ulangasyr-qamiev-suretke-tuspegenine-okpelegen-tyndarmanyna-zauap-berdi-foto/

pixel