Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі шоу-бизнес жұлдызы қаладан ауылға қоныс аударды (видео)

Опубликовано:

Adam
Adam. Видеодан кадр: Youtube/Marat Oralgazin

Жастар арасында кеңінен танымал әнші Adam қаладан ауылға қоныс аударғанын айтты. Шоу-бизнес жұлдызы бұндай қадамға не үшін барғанын KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Adam біраз уақыт Алматыда тұрып, ақыр-соңы туған жері Меркіге қайта көшіп барған. Әнші бұл шешімді шығармашылығын жақсарту мақсатында қабылдағанын жасырмады. Сөзінше, ауылда оның шабыты жақсы ашылып, хит әндер жарыққа шығады.

"Көбісі ауылдан шығып, қалаға көшіп жатады ғой. Мен біраз уақыт Алматыда жүріп, керісінше ауылға қайттым. Ауылда кәдімгідей шабытым ашылады. Ауыл шабытыма көмектеседі. Одан бөлек, жылқылармен айналысамын. Мен атбегімін. Бұл ісім де шабытыма өз үлесін қосады. Хит әнімді жылқылардың астын тазалап жүріп шығардым", - деп әзілдеді Adam.

Сонымен қатар әнші неге өз өміріне қатысты ашылып айтпайтынын түсіндірді.

"Мінезім сондай, көп ашыла бермеймін. Кейбір сұрақтарға жауап берем, кейбіріне жауап бергім келмейді. Мысалы жеке өмірімді мүлдем айтқым келмейді. Әртіс құпия болмаса, қызық емес қой", - деді әнші "Қызық Times" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2074029-belgili-sou-biznes-zuldyzy-qaladan-auylga-qonys-audardy-video/

pixel