Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жынойнақ әндер айтпаймын": биыл 60 жасқа толатын Нұрлан Абдуллин жеке кешін өткізетінін айтты

Опубликовано:

Нұрлан Абдуллин
Нұрлан Абдуллин. Видеодан кадр: "1001 түн" бағдарламасы

Қазақстанға еңбек сіңірген қайраткер, әнші Нұрлан Абдуллин 60 жасқа толады. Өнер иесі "ХабарLike" бағдарламасында биыл ерекше кеш өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Негізі күзде 60-қа келемін. Қазір концерт берсем деген ойда жүрмін. Шығармашылық концерт бола ма, кеш бола ма, ақылдасып жатырмыз. Республика сарайында да концерт бердім. Мен жынойнақ ән айтпаймын ғой. Әдемі, салмақты әндер айтамын. Концертке келген азаматтардың бәріне смокинг кигізгенбіз.

Енді қай жерде жасасам болады? Медеуде өткізу қиындау болады. Қазір 1-2 жерде өткізсек деп отырмыз. Мысалы неге Бурабайға жасамасқа? Білмеймін енді, оның бәріне қаражат керек. Барлық қауіпсіздің шаралары сақталады. Оның бәрі іске асып жатса жақсы", – деді Нұрлан Абдуллин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2074179-zynoinaq-ander-aitpaimyn-biyl-60-zasqa-tolatyn-nurlan-abdullin-zeke-kesin-otkizetinin-aitty/

pixel