Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аңғал деп ойлаушы едім": танымал тележүргізуші әнші Шаһизаданың пікірінен кейін жазба жариялады (фото, видео)

Опубликовано:

Шаһизада
Шаһизада. Фото: "Қыздар-ай" бағдарламасы

Осыдан бірнеше күн бұрын тележүргізуші Жазира Бегалы отандық әнші Шаһизаданың дүкенінен жеңілдікпен алған көйлектің "жыртық" боп шыққанын айтқан болатын. Дауға қатысты әншінің пікірінен соң тележүргізуші Facebook-тағы парақшасында жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мына әнші Шахизада мені бұғаттап тастап, жыртық көйлегін қайтарып берді деп жазба жазыпты. "Жыртық көйлекті тіктіріп кие салмады" деп, өкпесі қара қазандай болып жатыр екен. "Астарлы ақиқатта" осы кісіге жаным ашыған. Өнер адамы аңғал, адал деп ойлаушы едім.

Бұл әнші нағыз хайп қуып жүрген, жыртық киімді "жаңа" деп беті бүлк етпей сататын леди екен. Құдай сақтасын! Мына жазбасын оқып, жағамды таппай қалдым. Ұят-ай!

Әнші "Оқырман жинады" деп уайымдамасын. Менің парақшам өтірік айтатын, ұятсыз , алаяқ, сөз төркінін түсінбейтін, әдепсіз пікір жазатын адамдардың ішін пыстырады.

Құдайға шүкір, әлеуметтік желідегі парақшама бұрыннан мені танитын, құқығын қорғауды білетін, мәдениетті жандар тіркелген . Жыртық көйлек дауынан кейін олардың қатары көбейіп немесе азайған жоқ. Қоқысқа тастайтын көйлегін тегін берсе де кимеймін. Аулақ жүремін. Негізі бұл саудагер тұтынушы құқығын оқып алсын", – деп жазды Жазира Бегалы.

Еске сала кетейік, бұған дейін тележүргізуші Жазира Бегалы балаларының өзіне сыйлық жасау үшін әнші Шаһизаданың дүкенінен көйлек алғанын, алайда оның "жыртық" боп шыққанын айтқан болатын.

Тележүргізушінің жазбасынан кейін әнші Шаһизада дүкенінде сатылған көйлек дауына қатысты пікір білдірді.

"Киімдердің бәрі өте сапалы, өзім киіп жүрген киімдер. Жақсы киім екенін айта аламын. Мына көйлек туралы "жыртық" деген айқай-шу боп жатыр екен. Күніне неше әйел киіп көреді. Толық та, арық та адамдар киеді. "Сізге тар болады" десең де, қарамай киіп көреді. Жазира ханымды жақсы танымайды екенмін. Мына 50 мың теңгенің көйлегін, 20 мың теңгеге алыпты. Бізде жеңілдікте тұрған, бір түйір қалған көйлектер. "Жыртық" деп, әлеуметтік желіге салыпты. Бұл ешқандай жыртық емес. Мына жері кішкентай сөгілген болар. Қараңыздар, әп-әдемі. 20 мың теңгеге не үшін түсіп тұр? 2-3 мың теңгеге жөндете салуға болады. Бұл киілмеген әдемі көйлек.

Мен жыртық көйлек сататын ақымақ адам емес шығармын. Бүкіл Қазақстанға әйгілі адаммын ғой. Жыртық деген сөзге намыстандым. Жыртық ештеңесі жоқ. Кез келген киім сөгіледі. Өйткені, ол - шүберек. Бұл әдемі көйлек. Тек толықтау әйел кигенде, арты кішкене сөгілген. Соны жыртық деп әлемге жайып жіберген бе? Түсінем, контент керек. Біреулердің арқасында нан тауып, әлеуметтік желісін байытатын, пікір жинайтын сондай парақшаға түсіп қалған екенбіз. Кешірім сұраймыз. Мен кешірім сұрадым, сонда да ренжіп қалған көрінеді", – деген болатын Шаһизада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2074629-angal-dep-oilausy-edim-tanymal-telezurgizusi-ansi-sahizadanyn-pikirinen-keiin-zazba-zariyalady-foto-video/

pixel