Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтарды қарсы ал": Мадина Сәдуақасова ата-анасымен Таиландқа демалысқа ұшып кетті (фото)

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова тығыз жұмыс кестесінен уақыт тауып, арнайы ата-анасын шетелге демалысқа алып кетті. Өнер иесі ыстық мекендегі кұндері қалай өтіп жатқанын әлеуметтік желіде көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова бұл сапар өзі үшін аса ерекше екенін алға тартты. Себебі әнші бұл жолы өз жанұясымен емес, ата-анасымен бірге шетелге аттанған.

Өнер иесі Алматы әуежайынан фото мен видео жариялап, елді қызықтырып қойды. Сәдуақасова бастапқыда қай елге ұшып бара жатқанын құпия ретінде сақтап қалды.

"Ата-анам бұл елге алғаш рет бара жатыр", - деп айтты әнші.

Мадина Сәдуақасованың Stories-i
Мадина Сәдуақасованың Stories-i. Скриншот: Instagram/sadvakasovamadina

Алайда артынан оқырмандарына Таиландқа жол тартқанын айтты.

"Аман-есен жеттік. Сәлем, Тай. Қазақтарды қарсы ал. Бұл ел ата-анама ұнау керек", - деп жазды Мадина Сәдуақасова.

Эстрада жұлдызы оқырмандарына желіде асқан белсенділік танытып, демалысы қалай өтіп жатқанын көрсетуге уәде етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2074632-qazaqtardy-qarsy-al-madina-saduaqasova-ata-anasymen-tailandqa-demalysqa-usyp-ketti-foto/

pixel