Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әдемі жұп": актер жігітпен көзге түскен Ақбота Сейітмағамбет желіде қызу талқыға қалды (видео)

Опубликовано:

Ақбота Сейітмағамбет пен Ермек Шынболатов
Ақбота Сейітмағамбет пен Ермек Шынболатов. Видеодан кадр: Instagram/akbotanurabaykyzy

Отандық танымал әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет желіде актер Ермек Шынболатовпен түскен видеосын жариялап, елді ойландырып қойды. Желі қолданушылары жұлдыздардың арасында махаббат бар деп болжауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ақбота Сейітмағамбет оқырмандар арасында қызу талқы тудырған видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Онда әншінің актермен суретке түсіп жатқанын көруге болады.

"Өмір кешіккенді кешірмейді", - деген жазба қалдырды ол видео астына.

Өнер иесінің бұл жазбасы бірден оқырмандарға түрлі ой салды. Қалың көпшілік жұлдыздардың арасында сезім бар деп болжауға кірісті.

"Әдемі жарасып тұрған сияқты. Жақсы жұп шығар еді", "Екеуінің видеосы көп шығып жатыр. Араларында сезім бар сияқты", "Екеуінің арасында не бар? Кім біледі?", "Екеуі кездесіп жүр ме?", "Бақытты болыңдар", "Әдемі жарасып тұр. Фильмде ғана емес, өмірде де қол ұстасып жүрсе таңғалмаймын", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, Ақбота Сейітмағамбет пен Ермек Шынболатов бүгінде "Адал алаяқтар" фильміне түсіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2074752-ademi-zup-akter-zigitpen-kozge-tusken-aqbota-seiitmagambet-zelide-qyzu-talqyga-qaldy-video/

pixel