Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жомарт жан": оқырманына сыйлық тарту еткен Әсел Асқарға ел тәнті болды (видео)

Опубликовано:

Әсел Асқар
Әсел Асқар. Фото: instagram/assel.askar

Отандық танымал блогер Әсел Асқар тағы да игі іс істеп, елді тәнті етті. Желі жұлдызы сауда орталығында өзімен суретке түсуге келген оқырманына киім сыйлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсел Асқар оқырман арумен кездесіп қалған сәтінің видеосын Instagram парақшасында жариялады. Онда бейтаныс қыздың блогермен суретке түспек болғанын көруге болады. Желі жұлдызы өз кезегінде оқырманына ерекше әсер сыйлағысы келіп, оған киім алып берді.

"Сауда орталығында бір қызды кездестіріп қалдым. Оқырманым болып шықты. Ол менімен суретке түсіп, мені құшақтау үшін қасыма келді. Ойламаған жерден бейтаныс аруды қуантқым келіп кетті. Мүмкіндігімше осындай жағдайларға оқырмандарымды қуантып тұрамын деп айтқан болатынмын. Енді бұл ісімді челлендж ретінде басқаларға жолдап, жалғастырсам деп отырмын", - деп жазды Әсел Асқар.

Өнер иесі енді бұл челледжін Артур Төлепов, Бауыржан Сатов, Айым Сейтметова, Замира Оспантаева мен Разия Кузиеваға жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2075121-zomart-zan-oqyrmanyna-syilyq-tartu-etken-asel-asqarga-el-tanti-boldy-video/

pixel