Ерке Есмахан күйеуінің разылығын алу үшін не істегісі келетінін айтты
Жарияланған күні:
Стамбұлда демалыста жүрген Ерке Есмахан күйеуінің разылығын алу үшін не істейтінін айтып, ағынан жарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әншінің Instagram-парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ерке Есмаханға Instagram желісінде оқырмандарының бірі: "Орамалға қалай қарайсыз? Себебі менің түсімде орамалға келіпсіз", - деп сауал қойған болатын.
Әнші бұған: "Алла разылығы үшін және күйеуімнің разылығын алу үшін болашақта орамалға келуді өз басым қалаймын. Алла иманымды одан сайын нығайтса екен деп тілеймін", - деген жауап айтты.
Енді бір оқырманы өміріндегі ең үлкен өкініш туралы сұрады. Бұған да Еркенің берер жауабы бар болып шықты. Ол: "Еш өкінішім жоқ! Бәріне ризамын! Алла алдағы өмірімді де өкінішсіз етсін", - деп жазды.
"Ислам ата-әжесінің баласы болды ғой", - деген оқырманына әнші : "Иә, ата-әжесінен қалай алып кетеміз деп ойланып жүрміз. Бермейміз деп отыр. Видеомен звондай бермеңдер деп ұрсады. Ата-әжесінің Исламы бар, Раймның Муслимі бар, енді маған бір қыз бала керек болып тұр, Алла бұйыртса", - деп жауап берді.
Еске сала кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан Raim екеуі Стамбұлға не үшін барғандарын айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2076294-erke-esmaxan-kuieuinin-razylygyn-alu-usin-ne-istegisi-keletinin-aitty/