Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызды жоспарлап келдік": Ерке Есмахан Raim екеуі Стамбұлға не үшін барғанын айтты

Опубликовано:

Ерке Есмахан мен Raim
Ерке Есмахан мен Raim. Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан күйеуі Raim екеуі Стамбұлға қаласына қандай себеппен келгенін ашып айтты. Жұлдызды жұп тағы да балалы болуға ниетті екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан Стамбұлдағы демалысы қалай өтіп жатқанын Instagram парақшасында көрсетті. Ерлі-зайыпты тарихқа толы қаланың әсем жерлерін аралап, түрлі фото мен видео жариялап жатыр.

Өнер иесі күйеуімен бірге аса бақытты кезеңді өткеріп жатқанын алға тартты. Бейнежазбалардың бірінде жұлдызды жұптың құшақтасып, қол ұстасып тұрғанын көруге болады.

Ерлі-зайыптының махаббат видеосын желідегілердің ыстық ыыласына бөленді. Қалың көпшілік Ерке мен Raim үшін қуанышты екенін айтып, оларға ақ тілегін білдірді.

Сонымен қатар Ерке Есмахан оқырмандарына Стамбұл қаласына келудегі басты мақсатын айтты. Сөзінше, жолдасы екеуі тағы да балалы болуды жоспарлауда.

"Стамбұлға менің сөмкелерімді ұстайтын қызды жоспарлап келдік қой", - деп жазды әнші.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2075454-qyzdy-zosparlap-keldik-erke-esmaxan-raim-ekeui-stambulga-ne-usin-barganyn-aitty/

pixel