Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейтаныс арумен көзге түскен Жігер Ауыпбаев желіде қызу талқыға қалды (видео)

Опубликовано:

Жігер Ауыпбаев бейтаныс арумен
Жігер Ауыпбаев бейтаныс арумен. Видеодан кадр: Instagram/jiger_auypbaev_official

Отандық танымал әнші Жігер Ауыпбаев бейтаныс арумен видео жариялап, желіні шулатты. Оқырмандар өнер иесінің қасындағы бойжеткеннің кім екенін біле алмай әлек болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жігер Ауыпбаев белгісіз арумен түскен видеосын Instagram парақшасында жария етті. Бейнежазбадан әншінің бойжеткенмен қол ұстасып кетіп бара жатқанын көруге болады.

Аталмыш видео Түркияның Стамбұл қаласында түсірілген.

"Сұлтан Сүлейман" , - деген қысқаша жазба қаодырды өнер иесі.

Желі қолданушылары Ауыпбаевтың бейнежазбасын бірден қызу талқылап, оған қасындағы аруға қатысты сұрақтарды жаудырды.

"Той қашан болады енді?", "Дана Кентай емес па? Сол әншіге ұқсаттым", "Ал Сүлейманның қасында кім екенін білсек бола ма", "Бақытты болыңыздар", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2076435-beitanys-arumen-kozge-tusken-ziger-auypbaev-zelide-qyzu-talqyga-qaldy-video/

pixel