Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алғашқы махаббатым": Илья Ильин Зарина Омаровамен махаббат хикаясы туралы айтты

Опубликовано:

Илья Ильин сұқбат беруде
Илья Ильин сұқбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Аман Тасыған

Отандық танымал спортшы Илья Ильин шоу-бизнес жұлдызы Зарина Омарова екеуінің махаббат хикаясы туралы айтып, елді таңғалдырды. Ауыр атлет әнші ару оның алғашқы махаббаты болғанын растады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Илья Ильин Зарина Омаровамен әлі қалың көпшілікке танылмай тұрған кезде танысқан. Жас спортшы сол кезде жұлдызы жанып тұрған әнші аруға бірден ғашық болып, оның жүрегін жаулауға тырысады. Алайда ауыр атлет жауапсыз махаббатқа тап болған.

"Зарина Омарова - менің алғашқы махаббатым. Екеуміз пойызда таныстық. Ол кезде біз жас командамыз. Заринаның нөмірін алдым, сосын екі жаққа кетіп қалдық. Одан кейін досыма "маған мына қыз ұнап қалды" дедім. Ол кезде Зарина жарқырап тұрған жұлдыз, танымал әнші. Ал біз жас спортшымыз. Хабарласып, қалын сұрадым. Мен кездесуге шақырдым, ол келісті. Солай кездесіп сөйлесе бастадық. Заринаның көлігі болды. Жұмысы көп, қолы бос емес қыз еді. Менің баратын жерім жиындар мен жатақхана ғана болатын. Үш-төрт ай кездесіп жүрдік. Алғашқы махаббатым болған соң, мен қатты уайымдайтынмын. Жауапсыз махаббат екені түсінікті болды. Мен оны түсініп, ары қарай күреспедім", - деді Илья Ильин "Алғашқы" бағдарламасында.

Спортшының сөздерін Зарина Омарова да растады. Әнші ауыр атлетпен қарым-қатынасы не себепті тоқтағанын айтты.

"Он жеті жасында ол өзінің командасымен пойызбен бірінші рет Алматыға келе жатқан екен. Мен де сол вагонмен гастрольдік сапардан қайтқан едім. Телефондарымызды алмасып, кейін кездестік. Біздің махаббатымыз ұзаққа созылмады. Өйткені сол кездері жасы кіші жігітпен қарым-қатынас құру дұрыс емес деп есептелетін. Ильяның өзі маған "сен менің алғашқы махаббатымсың" деп ашығын айтты. Кейін мен одан алшақтай бастағанда "Осыдан қарап тұр, мені әлі теледидардан көресің, чемпион боламын" деп айтып кеткен", – деді шоу-бизнес жұлдызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2076651-algasqy-maxabbatym-ilya-ilin-zarina-omarovamen-maxabbat-xikayasy-turaly-aitty/

pixel