Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ТЖ кезінде концерт берген Мақпал Жүнісованы халық сынға алды: әнші жауап берді

Опубликовано:

Мақпал Жүнісова
Мақпал Жүнісова. Скриншот: "Алғашқы" бағдарламасы

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова елімізде орын алған су тасқынына асқан алаңдаушылық танытып, халыққа қолдау білдірді. Өнер иесі мұндай жағдайда концерт бергені үшін өзін сынға алғандарға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова оқырмандарымен байланысқа шығып, елдегі жағдайға қарамастан не себепті концерт беріп жүргенін түсіндірді. Шоу-бизнес жұлдызы бұл шараларды екі ай бұрын жоспарлап қойғанын жеткізді.

Оның үстіне бүгінде концерттерге билеттер сатылып кеткен. Енді ән кешін не өткізерін, не өткізбесін білмей отырған өнер иесі халықтың пікіріне жүгінді.

"Құрметті халайық, әрбір жерде болып жатқан топан су аяқ астынан айтпай келеді ғой. Соның барлығы тезірек өз шешімін тапса екен. Ел басқарып отырған азамат емеспін. Алдын ала жоспарланған концерттерімді беріп, үйіме қайтып келе жатырмын. Енді концерт жайлы ойларыңызды айтыңыздар. Берме десеңіздер, бермейміз. Билеттер сатылып кетіпті. Маған желіде "неге концерт бересің?" деп жазыпты. Бұл екі ай бұрын жоспарлап қойған концерт қой. Бәрі жақсы болып кетсін, аман болыңыздар", - деді Жүнісова Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2076672-tz-kezinde-koncert-bergen-maqpal-zunisovany-xalyq-synga-aldy-ansi-zauap-berdi/

pixel