Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзгереді деген үміт болды": Әсем Нұрсейітова Динара Сәтжанның інісімен неге ажырасып кеткенін айтты

Опубликовано:

Динара Сәтжан мен Әсем Нұрсейітова
Динара Сәтжан мен Әсем Нұрсейітова. Фото: Instagram/assemnurseitova

Отандық танымал блогер Әсем Нұрсейітова алғаш рет ажырасқанын ресми түрде растап, жолдасымен екіге кетуінің себебін ашып айтты. Желі жұлдызы бұл шешімді өзі қабылдағанына жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әсем Нұрсейітова ажырасу жайында ұзақ уақыт ойланғанын айтты. Көпбалалы ана бүгінде бұл шешімді қабылдағаны үшін еш өкінбейді.

Блогер ару бұрынғы күйеуіне бақыт тілеп, бірге өткізген бақытты сәттері үшін алғысын айтты.

"Ажырасып кеткеніме бір жарым жыл болды. Бұл менің шешімім болды. Төртінші баламыз дүниеге келген соң, екіге кеттік. Бұл барлығымыз үшін дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Балаларға жайлы орта керек. Оны біз тек ажырасқан соң ғана қамтамасыз ете алатынымызды түсіндім. Сол себепті мен сондай шешімге келдім. Бұл жайында бұрыннан ойланып жүрдім десем де болады. Өзге әйелдер секілді менде де өзгерістерге үміт болды. Жағдай өзгеріп, бәрі жақсы болып кетеді деп ойладым.

Отбасылық өмірімде бақытты сәттер де болды. Бірақ бір нәрсе кедергі болды. Сол нәрсенің кесірінен мен толыққанды бақытты отбасылық өмір сүре алмадым. Ажырасқаныма еш өкінбеймін. Оны еш жерде жариялағым келмеді. Мен бұл жаңалықты жасырмадым, тек айтқым келмеді. Ажырасуымның басты себебін құпия ретінде сақтап қаламын. Себебі бұл менің жеке өмірім. Күйеуіме тек қана бақыт тілеймін. Оның біреуді кезіктіріп, бақытты өмір сүргенін қалаймын. Қалай болғанда да балаларымның әкесі ғой", - деді Әсем Нұрсейітова "Ойбай" бағдарламасында.

Айта кетейік, Әсем Нұрсейітова күйеуі Раджив Сәтжанмен 15 жыл отбасылық өмірден кейін ажырасып кетті. Ерлі-зайыптының ортақ 4 баласы бар. Раджив Сәтжан - тележүргізуші Динара Сәтжанның туған інісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2076744-ozgeredi-degen-umit-boldy-asem-nurseiitova-dinara-satzannyn-inisimen-nege-azyrasyp-ketkenin-aitty/

pixel