Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мойындау керек": Ғазизхан Шекербеков Қайрат Нұртастың арқасында танылды дейтіндерге жауап берді

Опубликовано:

Ғазизхан Шекербеков
Ғазизхан Шекербеков. Видеодан кадр: SATY бағдарламасы

Әнші, композитор Ғазизхан Шекербеков әншілікке қалай келгенін айтты. Өнер иесі SATY бағдарламасында Қайрат Нұртастың арқасында танылды дейтіндерге жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Менің білетінім, негізі Қайратқа кім ән жазып беріп жатса да, бәрібір. Ол негізі кім ән жазып беріп жатқанын танымайды да. Өйткені, оның командасы бар. Әнді тауып береді, "Ұнай ма" деп жібереді. Уақыты жоқ, бос емес. Әннің авторы кім дегенде, "Осындай жігіт" десе, жарайды деп жүре береді.

Сөйтіп жүргенде Қайратқа ән жазып көрейінші деп, Ақмарал Леубаева "Жаралы жанның әні бұл" деген өлеңіне ән жазып, ұсындым. Сосын "Сен де, мен де" деген ән жаздым. Қайрат "Екеуін де орындаймын" деген екен. Екі ән де хит болды. Тағы да "Қайратқа ән жазып берші" деді. Сосын Ақмарал әпкемнің "Аңсайды жаным", "Мен оралам" әндерін жібердім. Қайрат та "Бұл кім, тоқтамай ән жазып жатқан" деп бұрылады ғой. Әндерімді хит қылған адамды мен қалай жақсы көрмейін? Қайрат келгенде, "Дуэт айтайықшы" деп сұрадым. Қайрат "Бауырым, сенімен 8 ән айтам. Бірге жүрейікші, қасымда жүрші" деді. Мен де қуанып кеттім. Мойындау керек, әншілігім солай басталды. Бірақ біреулер "Қайраттың арқасында шықтың ғой" десе, жыным келеді. Өйткені, Арман Дүйсенов бар. Ол кісілерді ұмыта алмаймын, алдына қоя алмаймын. Бірақ Қайраттың өз орны бар. Екеуміздің бір-бірімізге құрметіміз бірдей. Көргенде сәлеміміз түзу", – деді Ғазизхан Шекербеков.

Еске сала кетейік, әнші Ғазизхан Шекербеков әйеліне бірнеше кездесуден кейін бірден үйленгенін айтқан болатын. "OZMZғой" бағдарламасында композитор жұбайымен шаңырақ көтергесін жақынырақ танысқанын жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077211-moiyndau-kerek-gazizxan-sekerbekov-qairat-nurtastyn-arqasynda-tanyldy-deitinderge-zauap-berdi/

pixel