Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Нұртастың бұрынғы директоры 135 млн теңге тұратын зәулім үйін көрсетті (видео)

Опубликовано:

Лаура Сейтбек
Лаура Сейтбек. Фото: Youtube/Жетінші арна

Отандық танымал продюсер әрі журналист Лаура Сейтбек 134 млн теңге тұратын зәулім үйін көрсетті. Қайрат Нұрастың бұрынғы директоры бүгінде депутаттардың үйінде тұратынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Лаура Сейтбек зәулім үйін Анна Данченко жүргізетін "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында көрсетті. Продюсер белгілі дәрігер, қоғам қайраткері Амантай Біртановтың үйін сатып алған екен.

"Бұл үйде тұрып жатқанымызға 3 жылдан астам уақыт болды. Депутаттарға арнап салынған тұрғын үй кешені болған. 2007 жылы іргетасы қаланыпты. Бұл үйде Амантай Біртанов деген медицина саласына еңбегі сіңген азамат тұрған. Ауданы - 200 шаршы метр. Үйде 5 бөлме бар. Пәтердің қазіргі бағасы 300 мың доллар, яғни шамамен 135 миллион теңге. Қонақ бөлмемізге 20 шақты адам сыяды. Үйге дизайнерлермен бірігіп, толлыққанды жөндеу жұмыстарын жүргіздік. Жөндеу жұмыстарына үйдің жарты бағасындай ақша кетті", – деді продюсер. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077301-qairat-nurtastyn-buryngy-direktory-135-mln-tenge-turatyn-zaulim-uiin-korsetti-video/

pixel