Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Лаура Сейтбек Қайрат Нұртастың "Прайм Плазадағы" концертіндегі оқиға туралы бар шындықты айтты

Опубликовано:

Лаура Сейтбек
Лаура Сейтбек. Фото: Instagram/lauraseitbek

Қазақстандық танымал продюсер әрі журналист Лаура Сейтбек Қайрат Нұртаспен бірге жұмыс істеген кезін еске алып, атышулы "Прайм Плаза" оқиғасына қатысты бар шындықты айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады

Лаура Сейтбек бес жыл бойы Қайрат Нұртастың жеке директоры қызметін атқарған. Продюсер сол жылдары "Прайм Плазада" орын алған оқиғаны еске алып, өз шындығын айтты. Ол бұл жағдайдың әдейі жасалғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды.

"Қайратпен бас-аяғы 5 жылдай жұмыс істедік. 2012 жылдан 2017 жылға дейін директоры болдым. Мен "Прайм Плазадағы" оқиғаның (ред. ойын-сауық орталығында концерт кезіндегі жаппай тәртіпсіздік) алдында келген болатынмын. Сол оқиғаларды бастан өткіздік, қиын кезеңнен сәтті өттік десем болады. Себебі сол оқиға соңында Қайраттың пайдасына қарай жұмыс жасап кетті. Сол дүниелер үлкен біліммен жасалатын арнайы технология мен стратегия ғой.

"Прайм Плазадағы" жағдай әлі де ел арасында талқыланып тұрады. Бірақ ол әдейі жасалған дүние емес. Басынан аяғына дейін бәріне өзім куә болдым. Ол жағдайды ешкім күткен жоқ. Қайрат та, анасы да қатты уайымдады. Сол кеште халықты басқара алмай қалды, қауіпсіздік шаралары тиісті деңгейде болмады. Дайындық пен адамдардың саны сәйкес келмеді. Бұл оқиға ушыққан кезде оны өз жағына пайдаланып кеткісі келген адамдар да болды", - деді Лаура Сейтбек "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында.

Белгілі журналист Қайрат Нұртастың сол оқиға кезінде қатты уайымға салынып кеткенін айтты.

"Қайрат өзі ақкөңіл ғой, маған келіп "Қаншама адам зардап шекті. Не істейді? Енді мені қамай ма?" деді ғой. Қайраттың бала сияқты аңғалдығы бар", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 31 тамызында "Прайм Плаза" ойын-сауық орталығындағы концерт кезінде Қайрат Нұртас сахнада бір-ақ ән айтқаны үшін жастар дүрлігіп, соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Концертке келген жастар сахнаға бөтелке, тас лақтырып, 90 адам жарақатпен ауруханаға түскен болатын. Осы іске қатысты 10 адам сот алдында жауап берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077322-laura-seitbek-qairat-nurtastyn-praim-plazadagy-oqigasyna-qatysty-bar-syndyqty-aitty/

pixel