Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кеудемді өксік кернейді": Наркенже Серікбаева марқұм анасын еске алып, жан сырын ақтарды

Жарияланған күні:

Наркенже Серікбаева
Наркенже Серікбаева. Скриншот: "Менің өмірім" бағдарламасы

Отандық танымал әнші Наркенже Серікбаева желіде марқұм анасына жантебірентерлік жазба арнап, елді жылатты. Өнер иесі анасына деген сағынышын жеткізіп, жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Наркенже Серікбаева анасына арнаған әсерлі жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Өнер иесі марқұм анасын еске алып, оның өліміне әлі де сене алмай жүргенін айтты.

"Ана! Сенің мына өмірде жоқ екенің жаныма батады.Кеудемді өксік кернейді. Енді менің басымнан сипап, маңдайымнан сүйіп, жолыма кім қарайды? Кім еркелетеді? Анам бар деп арқа сүйейтін едім. Әлі де сене алар емеспін. Өзіңсіз өткен бір күнім ғасырға тең. Үміт оты соңғы сөнеді деген рас екенғой. Ұйықтап жатыр, оянады әлі жүз жасайды деген үмітпен жүрдім. Амал қанша Алланың үкімі. Қарсы келе алмаймыз. Бәріміз қайтушымыз. Мекенің жұмақ болсын Жәннатым", - деп жазды әнші.

Шоу-бизнес өкілі өзін осы күнге жеткізіп, бауырларын сыйлаған анасына алғысын айтты.

"Біз деп өмір сүріп, ең жақсысын бізге сыйлап кете бардың ау. Ешқайсысымызды бөліп жармай кең жүрегіне сыйдырған асылым. Осы күнге жеткенім алдымен Алла, одан кейін сенің дұғаңның арқасы еді. Маған бақытты өмір, қандай жағдайда да жанымнан табылып, қолдау көрсететін бауырларымды сыйладың жанымды жұбатар жалғыз амал осы анашым. Енді тек дұғамдасыз, жүрегімдесіз. Сіздің берген тәрбиеңіз, әр айтқан сөзіңіз менің өмірлік азығым" , - деп жазды Серікбаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077415-keudemdi-oksik-erneidi-narkenze-serikbaeva-marqum-anasyn-eske-alyp-zan-syryn-aqtardy/