Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ес білгелі ақша жинап келе жатырмыз": актер Еркебұлан Дайыров биліктегілерді сынға алды

Опубликовано:

Еркебұлан Дайыров
Еркебұлан Дайыров. Фото: Instagram/yerkebulan_daiyrov

Қазақстандық танымал актер Еркебұлан Дайыров елімізде орын алған төтенше жағдайға қатысты пікір білдіріп, билік өкілдерін сынға алды. Өнер иесі қиын кезеңде зардап шеккендерге көмек қолын созып, ақша жинап жатқан халыққа алғысын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еркебұлан Дайыров әркез көмек қолын созуға дайын халықтың кең пейілділігін атап өтіп, биліктегілерге қатысты пікір білдірді. Өнер иесі елімізде болып жатқан түрлі жағдайларға қатысты ес білгелі ақша жинап келе жатқанын айтты.

"Ес білгелі ақша жинап келе жатырмыз. Бұрын мектепте сыныптың жөндеу жұмысына болса, кейін ауылға спорт кешенін салуға, одан қалса ауылдан шыққан ардақты ақындармен, батырлардың тойына жинадық. Енді міне Аллаға шүкір, ауыл-аймақтан көтеріліп, мемілекеттік деңгейдегі іс-шараларға, яғни табиғи апаттармен т.б толып жатқан жағдаяттарға ат салысатын болдық. Кейде маған біздің халық, апанында жатып алып, өз жарасын өзі жалап жазатын, арып-ашыған көкбөріні елестетеді. Қасиетіңнен, кең жүрегіңнен айналайын, қайран халқым, қадіріңе жете алмай жатыр-ау.

Ал үкімет ше? Күлтөбенің басында күнде жиын, нәтиже жоқ. Заңның түрі анау, мәдениет онсызда түсінікті. Амалсыз өткендегі мақал қайта оралды ойыма, "Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар" деген. Бәрі бір Аллаға аманат", - деп жазды актер Instagram парақшасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077625-es-bilgeli-aqsa-zinap-kele-zatyrmyz-akter-erkebulan-daiyrov-cu-tasqynyna-qatysty-bilikti-synga-aldy/

pixel