Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жас емеспіз": Жазира Байырбекованың романтикалық видеосы көпшілікті сүйсінтті (видео)

Опубликовано:

Жазира Байырбекова жұбайымен
Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова күйеуімен би билеп, желіде ерекше романтикалық видео бөлісті. Отау құрғанына 28 жыл толған жұлдызды жұп көпшілікті сүйсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ғашығым дейін десем, жігітім емес. Күйеуім. Махаббатым дейін десем, үйленгенімізге 2-3 жыл емес, 28 жыл болыпты. Жас жұбайлар дейін десем, жас емеспіз. Кемпір мен шал дейін десем, оған әлі ерте. "Отағасы", "Ана-мынау" десем, жасандылық болып кететін сияқты. Замандастар, бізді қалай әсем атаумен атауға болады?", – деп жазды Жазира Байырбекова Instagram-дағы парақшасында.

Видеодан жұлдызды жұптың бір-біріне күлімсірей қарап, айнала вальс билегенін көруге болады.

Ал желі қолданушылары әншінің сұрағына жарыса жауап беріп, қазір бір-бірін қалай атауға болатыны жайлы кеңес берді.

"Жан жарым деңіз", "Қалай атасаңыз да жарасады", "Өмірлік серігім", "Жолдасым", "Құдай қосқан қосағым деп – деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077817-zas-emespiz-zazira-baiyrbekovanyn-romantikalyq-videosy-kopsilikti-suisintti-video/

pixel