Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулығы сыр берген Қуандық Шәкіржанов қазіргі жағдайын айтты

Опубликовано:

Қуандық Шәкіржанов студияда қонақта
Қуандық Шәкіржанов. Фото: "Хабар" арнасы

Қазақстандық танымал актер Қуандық Шәкіржанов денсаулығы сыр беріп, екі жылдан бері белгісіз дертпен күресіп келе жатқанын айтты. Өнер иесінің сөзінше, дәрігерлер бұл аурудың диагнозын әлі де таба алмай отыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуандық Шәкіржанов сырқаттанып қалғанын "Мақсатына жеткендер" бағдарламасында айтты. Актердің жақындары оған көз тиген деп есептейді.

“Жасыңа жас қосылған сайын көп гастрольдетіп те жүрмейсің. Соңғы кезде денсаулығым болмай жүр. 3-4 адам көз тиген деп айтты. Тіл-көз бар дейді. Алланы ауызға алып, жақсы тілек тілеп жүрсек, қорғайтын дұға ғой. Соңғы екі жыл аллергия болып, мазасызданып кеттім. Толық жазыла қоймадым, қызарып, көзім ауырды. Диагнозын таба алмады. Кім біледі енді. Бұл да сынақ шығар. Денсаулық керек екен", – деді Қуандық Шәкіржанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077913-diagnozyn-taba-almady-quandyq-sakirzanov-densaulygy-syr-bergenin-aitty/

pixel