Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жолдасымның түсінігі басқа": Ерке Есмахан күйеуінің өзіне қойған талабын айтты (фото)

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: Instagram/erke_esmahan

Ерке Есмахан осыған дейін су тасқынынан зардап шеккендерге отбасының атынан көмек көрсетілгенін атап өткен болатын. Алайда әнші нақты қанша қаражат аударғанын айтуға күйеуі рұқсат бермейтінін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Ерке Instagram-дағы парақшасында айтты.

"Су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге отбасымыздың атынан қолымыздан келгенше көмек берудеміз. Қанша қаражат аударғанымызды көрсетіп, жариялап, айтуыма, жолдасым қарсы. Жанұя болғалы жасаған қанша үлкенді-кішілі қайырымдылық, берген көмегімізді айтқызбады. Әрі қарай да "Айтып, жазбайсың" деген шарт қойды. Күйеуім "Әр ісімізді Алла біліп, разы болса болғаны" деген ұстаныммен жүреді.

Мен жазғым-ақ келеді. Өйткені, сіздер бізді қол қусырып отыр деп ойламасын деймін. Онымен жолдасымның түсінігі басқа. Сол үшін артық сөз жазудан аулақ болыңыздаршы. Алла сабыр берсін. Біз де дәл сіздер сияқты халықпыз. Келесі жылы мемлекетіміз бұндай жағдайларға алдын-ала дайын болар деген үміттеміз. Еліміз аман болсын", – деп жазды Ерке Есмахан.

Еске сала кетейік, осыған дейін Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шеккен халыққа отбасы атынан қаржылай көмек көрсеткенін айтқан болатын.

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2077934-zoldasymnyn-tusinigi-basqa-erke-esmaxan-kuieuinin-ozine-qoigan-talabyn-aitty-foto/