"Халықпен біргеміз": Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шеккендерге отбасы атынан көмек берілгенін айтты (фото)
Жарияланған күні:
Ерке Есмахан елімізде су тасқынынан зардап шеккендерге отбасының атынан көмек беріліп жатқанын жеткізді. Әнші бұл жайлы Instagram-дағы парақшасында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Бүкіл қазақ еліне Алла жар болсын деп тілеймін. Табиғи апат айтып келмейді. Жер сілкінісі, су тасқыны бірінен соң бірі бәрімізді қорқытып қойды.
Халықпен біргеміз. Отбасымыздың атынан елге, жақындарымызға барынша қолдау, көмек берудеміз. Алла жақсы күндерде жолықтырсын! Ақтөбе, Орал", – деп жазды әнші.
Еске сала кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатовтың су тасқынынан зардап шеккен халыққа 1 млн теңге қаржылай қолдау білдіргені белгілі болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2076501-xalyqpen-birgemiz-erke-esmaxan-elimizdegi-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-otbasy-atynan-komek-berilgenin-aitty-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.