Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"90 пайызын қарызға алдым": Дина Төлепберген алғаш баспаналы болған кезін еске алды (фото)

Опубликовано:

Дина Төлепберген
Фото: Instagram/dina_tolepbergen

Қазақстандық танымал тележүргізуші Дина Төлепберген алғаш баспаналы болған кезін еске алып, басынан өткен қиындықтарды айтты. БАҚ өкілі тәуекелге бел буып, пәтер бағасының 90 пайызын 20 жылға қарызға алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дина Төлепберген Instagram парақшасында жеке мұрағатындағы суреттерді жариялап, қалың көпшілікке алғашқы пәтерін көрсетті. Тележүргізуші 22 жасында екі бөлмелі пәтер сатып алған.

Алайда БАҚ өкілі көптен бері армандаған баспанасына қол жеткізу оңай болмағанын айтты.

"Жасым 22-де! Екі бөлмелі пәтер. Ол кезде пәтер құны 7 миллион теңгені құрады. Ал қолымда бары 700 мың теңге ғана еді. Солай, тәуекелге бел буып, 10 пайызын құйып, 90 пайыз 20 жылға қарызға алдым. 7 деген қасиетті санға жабыстым ба, әлде сәйкестік пе?! Алған пәтерім 7 қабатта болып шықты.

Айтпақшы, оның бой көтеруін 3 жыл бойы күткен едім. Содан кейінгі мен үшін ең қиыны - жөндеу болды. Өйткені пәтер "черновая отделкада" берілді. Алдыңда мақсат, мойныңда міндет болғанда, өзіңді аяусыз қамшылайды екенсің. Иә, менде сол кезде сәнді киім, әшекей, қыдыру, демалыс деген болған жоқ. Тек "өз баспанам болады" деген тәтті арман ғана. Сөйтіп жүріп, қарызымды 7 жылдан кейін жауып тастаппын. Тағы жеті", - деп жазды ол.

Дина Төлепберген әлі тұрмыс құрмаған бойжеткендерге әпкелік кеңесін де айтты. Тележүргізуші қыздарға тұрмыс құруға емес, үй алуға асығу керек екенін жеткізді.

"Ақылды сіңлім, тұрмыс құруға емес, үй алуға тырысыңыз. Менің 22 жасымда жасаған жетістігімді сіз де жасай аласыз", - деп жазды БАҚ өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2078072-90-paiyzyn-qaryzga-aldym-dina-tolepbergen-algas-baspanaly-bolgan-kezin-eske-aldy-foto/

pixel