Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақтың еркесі": Жас кезіндегі видеосын жариялаған Мақпал Жүнісова елді өзіне қаратты

Опубликовано:

Мақпал Жүнісованың жас кезі
Мақпал Жүнісованың жас кезі. Видеодан кадр: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова желіде мұрағаттық видео жариялап, ел назарын өзіне аударды. Қалың көпшілік өнер иесінің сұлулығына тәнті болып, жылы лебізін білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Шоу-бизнес жұлдызы жас кезіндегі видеосын Instagram парақшасында жариялаған. Бейнежазбада 18 жастағы Мақпал Жүнісованың сахнаға шығып, ән шырқап жатқанын көруге болады.

Оған қоса аталмыш видеода марқұм Ақжол Мейірбеков те бой көрсетті.

"1982-жыл, марқұм Ақжол Мейірбеков ағамыз хабарлапты. Сейдолла Байтереков ағамыз да өмірден озып кетті. Жандары жәннатта болсын, топырақтары торқа болсын", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары Жүнісованың жас кезіне тәнті болып, оған түрлі пікірлер жаудырды.

"Түрі еш өзгермеген. Әлі де осындай әдемі. Қазақтың Мадоннасы", "Мына фигруаңыз қайда? Өте сұлусыз Мақпал ханым", "Дәл осы көйлекпен есімде қалдыңыз", "Сондай көрікті ару болыпсыз ғой", "Қазақтың ару еркесі", "Қайран 18 жас. Жас кезіңізден бері ашық киінбепсіз ғой", "Түріңіз сол қалпы өзгермеген. Сол қалпы әдемісіз", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2078168-qazaqtyn-erkesi-zas-kezindegi-videosyn-zariyalagan-maqpal-zunisova-eldi-ozine-qaratty/

pixel