Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұрысып қалады": Гүлнұр Мамасарипова қызы Сара Амангелдіні тұрмысқа беруге дайын екенін айтты

Опубликовано:

Гүлнұр Мамасарипова мен қызы Сара Амангелді
Гүлнұр Мамасарипова мен қызы Сара Амангелді. Видеодан кадр: REVUE NEWS бағдарламасы

Гүлнұр Мамасарипова қызы Сара Амангелді мен Тұрар Ыдырыстың әлеуметтік желіге тараған видеосын көргенін айтты. Продюсер REVUE NEWS бағдарламасында актриса мен әншінің дос екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ол екеуі дос. Араларында достық бар. Ұрысып қалады, сосын қайта әңгімелеседі. Театрға барыпты. Көрдім. Мен де "Ойбай" деп қалдым.

Қызымды тұрмысқа беруге дайынмын. Қимаймын деген әңгіме жоқ", – деді Мамасарипова.

Сонымен қатар продюсер әлеуметтік желіде қызының атын пайдаланып тікелей эфирге шыққан алаяқтар туралы айтты.

"Менің оларға шара қолдануға уақытым жоқ. Қазан айында Сара әлеуметтік желіден шығып кетті. Қызымның атынан ашылған парақшаны оқырмандарым жібере бастады. "Сарамын деп отыр", "Жарнама аламын дейді" деді. Мен көрейін десем, мені қара тізімге салыпты. Тіпті Сара болып, тікелей эфирге шығады екен.

Соның арқасында Сара өз парақшасын ашты. Өйткені, достары "Сара мынау сен бе?" деп сеніп, жазған. Бір апта ішінде 20 мыңнан астам оқырман жинап алған. Тіпті парақша сатылатынын айтып, жазба жариялап қойған", – деді Гүлнұр Мамасарипова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2078231-urysyp-qalady-gulnur-mamasaripova-qyzy-sara-men-ansi-turar-ydyrysty-ne-bailanystyratynyn-aitty/

pixel