jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Арықтап кетіпсіз": ауруханадан шыққан Құрманай Бақтиярқызын оқырмандары танымай қалды (видео)

    Құрманай Бақтиярқызы
    Құрманай Бақтиярқызы. Фото: instagram.com/kurmanai_bakhtiarkyzy

    Отандық танымал сазгер Құрманай Бақтиярқызы осыған дейін ауруханаға түсіп, жеті рет ота жасалған болатын. Осы жағдайдан кейін әлеуметтік желіге видео жариялаған өнер иесін көпшілік танымай қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Айта кетейік, биыл қаңтарда әнші Алтынай Жорабаева белгілі сазгер Құрманай Бақтиярқызының ауыр хәлде жатқанын хабарлады.

    Ал кейін ауруханадан шыққан сазгер жеті отаны басынан өткізгенін баяндап берді.

    Біраз уақыттан кейін оқырмандарымен қайта қауышып, желіге видео жариялаған Құрманай Бақтиярқызын оқырмандары танымай, оның туған қызымен шатастырып алған.

    "Арықтап кетіпсіз", "Қызы ғой", "Алла денсаулық берсін", "Қызы Толғанай ғой", "Ірі денелі әйел еді, ауырған оңай емес", "Уайымдап болдық", – деп жазды желідегілер.

    Сазгер пікір жазған оқырмандарына жауап беріп, суреттегі қызы емес, өзі екенін айтты.

    "Қызым емес, өзім ғой. Уайымдамаңыз", – деп жауап берген Құрманай Бақтиярқызы.

    "Арықтап кетіпсіз": ауруханадан шыққан Құрманай Бақтиярқызын оқырмандары танымай қалды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.