Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түртіп қалса, аямаймын": Жарқынай Ханайым қызының болашағына алаңдаулы екенін айтты

Опубликовано:

Жарқынай Ханайым
Жарқынай Ханайым. Фото: Instagram/jarkynaixanaiym

Отандық танымал әнші әрі актриса Жарқынай Ханайым соңғы болып жатқан оқиғаларға байланысты қызы Айлананың болашағы үшін аса қатты алаңдаулы екенін айтты. Өнер иесі ұл тәрбиелеп отырған аналарға үндеу жасап, желіде азулы жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жарқынай Ханайым қызын ренжіткен адамды өзі орнына қоятынын айтып, Instagram парақшасында жанайқайын жеткізді. Ол ұл тәрбиелеп отырған аналарға үндеу жасап, олардан перзенттеріне жақсы тәрбие беруін өтініп сұрады.

"Қызы бар аналар осыдан кейін қалай "тұрмысқа шық" деп қалай айтасыздар? Ұл тәрбиелеп отырған аналар, қыздарымызды аяңдаршы! Дәл сіздің ұлыңыз менің қызымның ортасы, жігіті, сыныптасы, күйеуі болуы мүмкін. Айланам үшін кімнің баласы болса да, түртіп қалса бытшытын шығарам өзім-ақ! Аямаймын! Бұл ескерту! Ұлыңыз Айланаммен бірге садик, мектепте деп естігеннен ұлдарыңызға ескертіңіздер!

Құрметті қызы бар аналар қандайда ұл бала қыздарыңызға жағымсыз сөз айтып, шашынан тартқанын мектепте, аулада, балабақшада болсын естісеңіз бірден дабыл қағыңыз! Шешелеріне ескеру болсын! Біреудің ұлының тәрбиелі болуын айқай шығарып болсын, мектептен, садиктен болсын талап етейік, тәрбиелейік! Басқа амалымыз жоқ! Сенен басқа қыз тумағандай жазбашы дейтіндер айтарым! Ия қыздың анасы болу ең үлкен бақыт, өкінішке қарай ең үлкен қауіп болып тұр қазіргі заманда. Түсінбей осы жазбамды даттаған аналардан қорқыңдар", - деп ескерту жасады актриса.

Өнер иесі көпшілікті қыздарға барынша қамқор болуға шақырды.

"Қыздарымыздың қасында күзет жүретіндей жағдай жасайық аналар! Менің мақсатым сол. Сақ болсаң сақтайм дейді! Сенгеннен, сенбеген абзал заман болды. Қатты батты", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2078588-turtip-qalsa-ayamaimyn-zarqynai-xanaiym-qyzynyn-bolasagyna-alandauly-ekenin-aitty/

pixel