Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төреғали IPhone сыйлады": Нұрболат Абдуллин ауызашар беріп, жаңа жасын тойлады (фото, видео)

Опубликовано:

Нұрболат Абдуллин
Нұрболат Абдуллин. Фото: instagram.com/nurbullin

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Нұрболат Абдуллин 38 жасын ерекше атап өтті. Өнер иесі жақындарына ауызашар беріп, артынан туған күнін тойлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрболат Абдуллин биыл жаңа жасын ерекше форматта атап өткен. Эстрада жұлдызы өнердегі ет-жақындарының басын қосып, үлкен ауызашар берген.

Әншінің шақыртуын қабыл алып, оның жайған дастарханынан дәм татқан жұлдыздар арасында Төреғали Төреәлі, Әбдіжаппар Әлқожа, Нұржан Аташ, Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Сара Амангелді бар.

Кеш қонақтары ауыз ашып болған соң Нұрболат Абдуллинді жаңа жасымен құттықтап, ақ тілегін айтуға көшті. Одан кейін өнер иесінің жұлдызды достары ән салып, көпшіліктің көңілін көтерді.

Туған күн кешінің соңында ортаға Нұрболат Абдуллиннің мүсіні бар үлкен торт алып шықты.

Нұрболат Абдуллин қалың көкпшілікке жан досы Төреғали Төреәлінің берген сыйлығын көрсетті. "Ұлы дала баласы" туған күн иесіне соңғы үлгідегі Iphone телефонын тарту етіпті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2078609-nurbolat-abdullin-auyzasar-berip-zana-zasyn-toilady-foto-video/

pixel