Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Даяшы болып келген": Абай Бегейдің қызы оған ерекше тосынсый жасады (видео)

Жарияланған күні:

Абай Бегей қызымен
Абай Бегей қызымен. Фото: Instagram/abai_begei

Отандық танымал әнші Абай Бегейдің қызы жұлдызды әкесіне ерекше тосынсый жасады. Блогер ару отбасына келетінін ескертпей, оларды қатты таңғалдырған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Абай Бегейдің қызы өгей анасына көмектесуге бармақ болып, жанұясына тонсый жасап баруды ұйғарады.

"Әкем мен Фариге тосынсый. Бірнеше күн бойы Фари "байқауымды қалай өткіземін сенсіз, қобалжып жүрмін, билетіңді алып берейін, Алматыға келші" деп жүр еді. "Фари, ренжіме, ол күні менде үйде ауызашар. Бара алмаймын" деп алдадым. Осы сәтті қолданып, үйдегілерге тосын сый болып келіп қалдым", - деп жазды әншінің қызы.

Ерке Ниязқұлова отбасы ас ішіп отырған мейрамханаға барып, даяшы ретінде әкесінен тапсырыс қабылдайды. Бастапқыда Абай Бегей оған мән бермей, артынан өз қызы екеніне көзі жетіп қатты қуанады.

Ерекше отбасылық сәттің видеосын әншінің өзі Instagram парақшасында жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2078642-dayasy-bolyp-kelgen-abai-begeidin-qyzy-ogan-erekse-tosynsyi-zasady-video/