Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауылдан келген баламын": Құдайберген Бекіш аула сыпырған кезін еске алды

Опубликовано:

Құдайберген Бекіш
Құдайберген Бекіш. Видеодан кадр: Youtube/Khabar TV

Әнші Құдайберген Бекіш Алматыға алғаш келген жылдары аула сыпырғанын айтты. Өнер иесі ХабарLike бағдарламасында оқып жүріп, бірнеше жерде жұмыс істегенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Аула сыпырушы болып жұмыс істеген кезім болды. Жүргенов атындағы Өнер академиясын бітірдім. Біз студент кезде 5 жыл оқитынбыз. Ауылдан келген қап-қара баламын. Ештеңем жоқ. Жалғыз анам болды.

Бар ойым жұмыс істеу, оқу еді. Таңғы 4-тен 8-ге дейін кафеде аула сыпырушы болып істейтінмін. Маған ұнайтын. Ән айтып жүріп, сыпыратынмын. Кейін сабаққа барамын. Кешке театрда хорда жұмыс істедім. Қалталы студент болдым. Тіпті телевизорым болды", – деді Құдайберген Бекіш.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2078717-auyldan-kelgen-balamyn-qudaibergen-bekis-aula-sypyrgan-kezin-eske-aldy/

pixel