Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еліміз суға кетіп жатқанда": Қайрат Нұртастың жазбасы желіде қызу талқыға қалды

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Қайрат Нұртас. Видеодан кадр: Instagram/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас желіде тыңдармандарына жазба арнады. Әнші өзіне қолдау білдіріп, өнерін бағалап жүрген көпшілікке алғысын айтқан, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас әндерін тыңдап, жүрегінен орын берген жанкүйерлеріне алғысын жеткізді. Өнер иесі Instagram парақшасында тыңдармандарымен түскен видеосын жариялады.

"Еңгейген қариядан, еңбектеген балаға дейін әнімді тыңдап, жанымды түсініп "Ақ Қайрош" деп жүрегінен бір орын бергені үшін басымды Ием! Аллаға шүкір", - деп жазды эстрада жұлдызы.

Бұл жазбаға қатысты желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі әншіге қолдау білдірсе, енді бірі су тасқыны кезінде мұндай жазба жариялағаны үшін сынға алды.

"Қазақтың маңдайына біткен жұлдызсың", "Халықтың Қайраты, аман бол", "Сізден асқан жұлдыз жоқ. Өнеріңізбен тәнті етіп жүре беріңіз", "Бағалаймыз", "Елдегі жағдай кезінде бір ауыз жылы лебіз білдіргеніңіз дұрыс болар еді", "Елің суға кетіп жатқанда осы ма әрекетін? Өзіңді жарнамалағаның дұрыс болмады", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2078999-elimiz-suga-ketip-zatqanda-qairat-nurtastyn-zazbasy-zelide-qyzu-talqyga-qaldy/

pixel