Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Азбыз, көбеюіміз керек": блогер Медетжан Жанабай тоқал алуға қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Медетжан Жанабай
Медетжан Жанабай. Видеодан кадр: Youtube/NTK ENTERTAINMENT

Отандық танымал блогер Медетжан Жанабай қоғамда қызу талқыланатын тоқал алу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Отбасылы желі жұлдызы болашақта екінші әйел алу жайлы ойланып қалғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Медетжан Жанабай "Taboo" бағдарламасына сұқбат беріп, тоқал алуға қатысты не ойлайтынын айтты.

"Егер жағдайың жетіп, асып-тасып тұрса, екі әйеліңнің де айтқан нәрсесін істеп отырсаң алуға болатын сияқты. Өз келіншегіме ешқашан шын көңілмен "тоқал аламын" деп айтпағанмын. Қалжыңдап "тоқал алып берші" деп айтып қоятыным бар. Диана маған "үй, көлік алып бер, сосын тоқал аласың ба білгеніңді істей бер" деп айтқан еді. Оны ойнап айтты ма білмеймін. Бұл мәселе үйде қатты талқыланбайды. Айтылып сол жерде қалып қалады. Бір рет имам "тоқал алу керек, біз қазақтар азбыз, көбеюіміз керек" деп айтқан болатын. Тоқал алудың өз шарттары да бар. Бірінші әйеліңнің рұқсаты керек, жағдайың дұрыс болу керек деген сияқты. Сол кісінің сөздері кішкене ойландырып қойғаны бар", - деді блогер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2079293-azbyz-kobeyu-kerekpiz-bloger-medetzan-zanabai-toqal-aluga-qatysty-oiyn-aitty/

pixel