Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатысу үшін 10 мың доллар сұрады": Өмірқұл Айниязов "Азия дауысы" жобасы жайлы айтты

Опубликовано:

Өмірқұл Айниязов
Өмірқұл Айниязов. Фото: Instagram/omirkul_ainiyazov

Отандық танымал әнші Өмірқұл Айниязов "Азия дауысы" жобасына қатысты бар шындықты айтты. Өнер иесі аталмыш байқауға дайындалғанымен оған қатыспай қалған. Оның себебін KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

Өмірқұл Айниязов "Азия дауысы" байқауына әндері өткенімен өзі қатыспай қалғанын айтты. Сөзінше, байқаудың ұйымдастырушылары одан 10 мың доллар көлемінде ақша сұраған.

"Мен Талдықорғанға көшіп барған жылдары мәдениет басқармасының басшысы дауысымды естіп, маған байқауға қатысуға ұсыныс тастады. "Жас Қанат" емес, "Азия дауысына" бірден барамыз деп шештік. Солай дайындықты бастап кеткенбіз. Өкінішке орай, байқауға әндеріміз өткенімен, олар бірінші жарна сұрады.

Ол кезде "Азия дауысы" шарықтап, ақшаға құнығып тұрған уақыты еді. Сол кездегі басшылары екеуі де өмірден өтті. Сол уақытта менен қатысу үшін 10 мың доллар сұраған. "Сол ақшаны төлемесең қатыспайсың" деді. Біз ондай ақшаны таба алмадық. Сол себепті қатыспадық", - деді өнер иесі "Саумал" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2079491-qatysu-usin-10-myn-dollar-surady-omirqul-ainiyazov-aziya-dauysy-zobasy-zaily-aitty/

pixel