jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Екінші әйел алу туралы ойладым": Өмірқұл Айниязов өміріндегі қиын кезең туралы айтты

    Өмірқұл Айниязов пен жұбайы
    Өмірқұл Айниязов пен жұбайы. Фото: instagram.com/farida_ainiyazova

    Дәстүрлі әнші Өмірқұл Айниязов тұңғышынан кейін 21 жылдай балалы бола алмай жүрген кезін еске алып, басынан өткен қиын кезең туралы айтты. Өнер иесі тіпті екінші әйел алу туралы ойланғанын жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Өмірқұл Айниязов өміріндегі ауыр сынақ туралы "Саумал" подкастында айтты. Әншінің сөзінше, келіншегі екеуі үшін бұл аса қиын кезең болған.

    Өнер иесі қиналған кезде тіпті екінші әйел алу туралы ойлағанын айтты. Алайда 21 жылдан кейін ерлі-зайыпты бір ұл мен бір қызды дүниеге әкелді.

    "Тұңғышым Нұртуғаннан кейін, 20 жылдай тағы да сәби күттік. Өмірімдегі ең ауыр кезеңдер еді. Қатты қиналып кеттік. Азаннан кешке дейін жылап, жатып қалдым деп айта алмаймын. Бірақ таныстарым балалы болғанда есіме түсетін. Кейде екінші әйел алу туралы да ойладым. Жарыма да қиын тиді. Бірақ құдай біздің көз жасымызды көріп, 1 ұл, 1 қыз берді. Соған да ризамын. Біздің сабыр сақтауымыз бәрін жеңіп шықты", – деді әнші. 

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.