Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалай қарызға өмір сүреді": несие алмауға шақырған Бүркіт қызу талқыға қалды (видео)

Опубликовано:

Айбек Сейітов
Айбек Сейітов. Видеодан кадр: youtube.com/@uaqyt_korsetedi

Отандық танымал әнші Бүркіт қалың көпшілікке үндеу жасап, отандастарын көлікті несиеге алмауға шақырды. Өнер иесінің пікірі желіде қызу талқыға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүркіт келіншегімен бірге несие тақырыбын талқылап жатқан видеосын Instagram парақшасында жариялады. Өнер иесі халық салоннан көлік алу үшін үлкен қарыз алып жатқанына шүйлікті.

Әнші қалың көпшілікті несиеге жоламауға шақырды.

" Қарызға батпаңыздар! Автосалонға кірдік қой. Бес-алты менеджер "келесі кезек кімдікі" деп отыр. Сол жерде жүргендердің 80 пайызы несиеге көлік алып жатыр. Оның үстемақысы деген сұмдық енді. Адамдар қалай қарызға өмір сүре береді? Бұл дұрыс емес, арты жақсы болмайды. Адамдар қалтасында қанша ақша бар, соған келетін көлік алып, айдап жүре бермей ме? Түсінбеймін. Қалтаңа қарап көсілу керек, қарызға батсаң ұйқың тыныш болмайды. Мейлі, несиеге көлікті аларсың, бірақ ертең оны соғып алсаң не болады? Көлік жоқ, бірақ несиесін төлеуге міндетті боп қаласың. Банк сенің жағдайыңды түсінбейді. Қалтаңда бар ақшаңа сай өмір сүру керек. Халықтың қарызға батып, несие үстіне несие алып жүргеніне әлеуметтік желілер де кінәлі", - деді әртіс.

Шоу-бизнес жұлдызының бұл пікірі желіде қызу талқыланды. Бірі әншімен келіссе, енді бірі оның қарапайым халықты түсінбейтінін бетіне басты.

"Қарапайым халық секілді өмір сүрсеңіз олай айтпас едіңіз", "Мен мысалы азық-түлікті де қарызға аламын. Басқа амалым жоқ", "Ол өзі қиын кезеңнен өтпесе бұлай айтпас еді. Демек оның да басынан өткен болып тұр ғой", "Адамдар өздерін қарызға батырып қояды", "Өте дұрыс айтады көрпеге қарай көсілу керек", - деп жазуда оықрмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2080835-qalai-qaryzga-omir-suredi-nesie-almauga-saqyrgan-burkit-qyzu-talqyga-qaldy-video/

pixel