Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқынынан зардап шеккендерге жұмсалады: Димаш Құдайбергеннің костюмі аукционда 2 млн теңгеге сатылды

Опубликовано:

Димаш Құдайберген
Димаш Құдайберген. Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің костюмі қайырымдылық аукционында 2 млн теңгеге сатылды. Сатылымнан түскен қаражат су тасқынынан зардап шеккен халыққа көмек ретінде жіберіледі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әншінің костюмі Dauletten қайырымдылық қоры ұйымдастырған ауызашарда сатылған.

Ал костюмді Еркебұлан Әріпбай есімді алматылық азамат сатып алған. Бұл жайлы Еркебұланның өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Еліміздің мақтанышы Димаш Құдайбергеннің концертке киген костюмін сатып алуға мүмкіндік болады деп ойламаппын. Бірақ менің қолымда сол костюм тұр. Осыдан бірнеше күн бұрын Дәулет Мұқаевтың қайырымдылық шарасына шақырту алдым. Он жылдан бері таныс болғандықтан, қайырымдылық шарасынан қалмайын деп шештім. Қорға 1 млн теңге аударамын деп бардым. Себебі, бар ақша Батыс Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен халыққа кетеді.

Ауызашарда қайырымдылық шара болды. Сонымен қатар Батыс Қазақстандағы халыққа ақша жинау мақсатында, аукцион өтті. Аукционда басты экспонат – Димаш Құдайбергеннің костюмі. 1 млн теңге жоспарлап барғанымен, аукцион басталған сәтте баға одан асып кетті. Соңында осы костюмді 2 млн теңгеге сатып алдым" , – деді Еркебұлан Әріпбай есімді азамат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2080955-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-zumsalady-dimas-qudaibergennin-kostyumi-aukcionda-2-mln-tengege-satyldy/

pixel