Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытты Мөлдірден бір сәлем": Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы үйлену тойының суретін көрсетті (фото)

Опубликовано:

Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов
Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатов. Фото: instagram/moldir.mt

Танымал әзілкег Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы үйлену тойының естелік суретін көпшілікке бөлісті. Мөлдір Мұқанова той көйлегін киген сәтті Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бетке пудра жағып, шашты өріп, бақытты болып тұрған Мөлдірден бір сәлем", – деп жазды Мөлдір Мұқанова.

Суреттен Тұрсынбек Қабатов пен қалыңдық көйлегін киген Мөлдір Мұқанованы және қыз жолдас пен жігіт жолдасты көруге болады.

Мөлдір Мұқанова
Мөлдір Мұқанова. Скриншот: instagram.com/moldir.mt

Айта кетейік, осыған дейін Мөлдір Мұқанова күйеуінің сахнаға шығар алдындағы дайындығы толықтай өз мойнында екенін мәлім етті.

Мөлдір Мұқанованың айтуынша, ол отағасы ел алдына шықпас бұрын кофе әзірлеп, барлық киімін өзі үтіктеп береді екен. Әзілкештің жары бұл қызметте жүргеніне 20 жыл болғанын және әлі 40 жыл бойы қызмет етуге дайын екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, осыған дейін Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанованың су тасқынынан зардап шеккен халыққа 1 млн теңге қаржылай көмек көрсеткені белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2081291-baqytty-moldirden-bir-salem-tursynbek-qabatovtyn-zubaiy-uilenu-toiynyn-suretin-korsetti-foto/

pixel